Шартылдақ қоңыз - тақтамұртты қоңыздар тұқымдастарының тегі.

Дене ұзындығы 25-40 мм, қара-қоңыр, сыртқы қанаттарындағы ұсақ ақ түктер қоңызды мәрмәр түсті етеді. Орталық және оңтүстік Шығыс Еуропада таралған. ТМД-да, Еуропалық бөлігінің оңтүстік, шығысында, солтүстік Кавказда кездеседі. Маусымнан тамызға дейін ұшады. Қоңыздар ағаш жапырағымен қоректенеді: дернәсілдері құрғақ топырақта, ағаш тамырын жеп. 3-4 жыл бойы дамиды. Жас ағаштарды, әсіресе жүзім шіліктерін құртадыОрысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3.

Дереккөздер

Санат:Қатты қанаттылар