Ерік Асқаров (10 қаңтар, 1959 жыл, Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Дүйсеке ауылы - 2003 жыл) - ақын. Уақ тайпасынан шыққан.
1983 жылы Алматы мемлекеттік көркем-театр институтын бітіріп, режиссер мамандығын алған. Қазақ драма театры жанындағы актерлік студияны, Көкшетау гуманитарлық университетін бітірген.
Республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан жазушылар одағы әдеби қорының директоры болған, Көкшетау, Астана қалаларында қызмет атқарған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9
Шығармалары «Қарлығаш» «Жетіген» ұжымдық жинақтары. «Көгілдір», «Қазақстан ғасыры», «Астана жұртын айналсам» жыр жинақтары жарық көрді. «Біржан сал» «Петропавловск — қызылдардың қаласы» атты пьесалардың авторы.
Айтыс өнеріне үлкен үлес қосқан ақындығымен қатар белгілі аудармашы, драматург. О. Бөкейдің «Қар қызы» повесі мен С.Сейфулиннің «Көкшетау» поэмасы бойынша бейнефильмдер түсірген.АСҚАРОВ Ерік. aitysker ақпараттық порталы
И.Гогольевтің «Наарасуох», Л.Табукаиевилидің «Арманымның ақ құсы» пьесаларын қазақ тіліне аударған. Жетістіктері
Қазақстан жазушылар одағының М.Мақатаев атындағы сыйлығының (1988), Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының (1990) лауреаты.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер ЕРІК АСҚАРОВ
Санат:10 қаңтарда туғандар Санат:1959 жылы туғандар Санат:Мағжан Жұмабаев ауданында туғандар Санат:2003 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері Санат:Көкшетау гуманитарлық университеті түлектері Санат:Қазақстан Телерадиокорпорациясы режиссерлері Санат:Жазушы баспасы редакторлары Санат:Қазақстан ақындары Санат:Қазақстан драматургтері Санат:Қазақстан жазушылар одағы мүшелері Санат:Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегерлері Санат:Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының иегерлері