Заманбек Жәкенов - 1930 жылы 4 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған. Ата-анасы 1932 жылы Шығыс Түркістан өлкесінің Дөрбілжін ауданындағы Ақтас дейтін жерге қоныс аударған. 1947 жылы орта мектепті тамамдаған соң, Құлжа қаласындағы офицерлер дайындайтын әскери мектепте оқыған. 1954 жылы Үрімшідеғі жоғары партия мектебін бітірген. 1955 жылы Қазақстанға қайтып оралған соң 1955— 1963 жылдары жұмысшы, кітапхана меңгерушісі болып еңбек еткен. 1963—1968 жылдары Алматы облысының Жамбыл ауданындағы «Екпінді еңбек» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары болған. 1968—1990 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі Мемлекеттік комитетінде қызмет істеген.

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1955 жылдан бастап мерзімді баспасөз беттерінде жариялана бастады. Шығармалары Аяулы қарындас. Повестер. А., «Жазушы», 1966; Таң самалы. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Қайта айналып келгенше. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1978; Күн көтеріліп келеді. Роман. А., 1981; Боз қараған. Повестер мен әңгімелер. А., 1999.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жылҚазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6

Дереккөздер

Санат:Қазақстан жазушылары Санат:Шығыс Қазақстан облысы тұлғалары Санат:1930 жылы туғандар