Несіпбай Әпірезов (1909) – күріш өсірудің шебері, Социалистік Еңбек Ері (1972). 1909 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аламесек (қазіргі Есет батыр) ауылында туған.

1932–1942 және 1946–1949 жылдары Жалағаш ауданындағы «Жаңадария» ұжымшарында жұмыс істеді.

1949–1967 жылдары қазіргі Сырдария (Тереңөзек) ауданындағы «Ақарық» ұжымшарында еңбек етті.

Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан.

Еңбек жолы мен жетістігі Еңбек жолын 1931 жылы «Жаңадария» ұжымшарында бастады. 1942 – 1945 жылы Ұлы Отан соғысына қатысты. 1946 – 1949 жылы өзінің туып өскен ұжымшарында еңбек етті. 1949 – 1967 жылы Тереңөзек (қазіргі Сырдария ауданы) ауданының «Ақарық» ұжымшарында жұмыс істеді. 60-жылдары жақаевшылар қозғалысына атсалысты. Әпірезов агротехника білім мен бай тәжірибені игеріп, күрішінің әр гектарынан 75-тен 110,7 ц-ге дейін өнім алды. 1967 жылдан Сырдария ауданы Қазақстанның Ленин комсомолы атындағы кеңшарда күрішшілер звеносын басқарды. Осы кеңшарға 120 мың сом таза пайда келтірді. 1971 жылы 20 гектар күріш алқабының әр гектарынан 110,7 центнерден өнім алды.

Қоғамдық қызметі 1971–1975 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің VIII шақырылымының депутаты болды, сондай-ақ аудандық және ауылдық кеңестердің депутаты болып сайланды.

Марапаттары Еңбек Қызыл Ту ордені Бүкілодақтық Халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінің 2 алтын медалі Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1972)“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 Бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің 4 алтын, 1 күміс медалінің иегері

Есте қалдыру Жалағаш кентіндегі көшелердің біріне Несіпбай Әпірезовтің есімі берілген.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Жалағаш ауданында туғандар Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халық Шаруашылығы Жетістіктері Көрмесі алтын медалінің иегерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Орақ және балға медалінің иегерлері