База - элементар ережелердің тұрлі тілдерге жорамалды жақын жүйесі, шектелген күрделі құрылымдарды, болашақ сөйлемдердің прототиптерін есептеп шығарады.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
Аблауттық база - берілген дауысты дыбыстардың ауысу жүйесін іске асыратын негіз (). Артикуляциялық база - берілген тілде сөйлеушілерге тэн сол тілдің дыбыстарын айтуда сөйлеу органдары қозғалысының жүйесі мен жағдайы. Виртуалды-морфологиялық база - берілген морфологиялық тізімнің басқа мүшелерімен тура ассоциация аркылы емес, жанамалы, яғни берілген сөз формасының басқа элементінің морфологизациясы нәтижесінде белгіленген негіз. Түбір базасы - түбірмен сәйкес келетін база. Суффикстік база - құрамында суффикс немесе тақырыптық элементі бар база.
Дереккөздер
Санат:Лингвистика