Сәтіғали Құтқожин (1888 жыл, Ақжайық ауданы, 4-ауылы — 14.9.1937 жыл, Ақтөбе қаласы) — саяси қуғын-сүргін құрбаны, қазақтың белгілі ғалым қызы Рәбиға Сәтіғалиқызы Сыздықтың әкесі.
Өмірбаяны Жергілікті орыс-казак училищесін бітірген. 1920 жылдан бастап Ақтөбе облысы Ойыл, Темір, Байғанин, Арал (Қызылорда) ауданы почта-телеграф бөлімдерінде басқарма бастығы болып қызмет атқарған. 1937 жылы 10 қыркүйекте Ақтөбе облысы Темір ауданы байланыс бөлімі бастығы боп тұрған кезінде жалған айыппен тұтқындалып, 14 қыркүйекте Ақтөбеде атылған. Ақтөбеде облыстық соты Президиумының 1956 жылғы қаулысымен ақталды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:1888 жылы туғандар Санат:Ақжайық ауданында туғандар Санат:14 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Ақтөбеде қайтыс болғандар Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар