Тілекқабыл Тайшыбайұлы Бөлеев (20.7.1937 жылы туған, Ақжайық ауданы Горячюш селосы) — еңбек ардагері. 1955 ж. Чапаев қазақ орта мектебін, 1960 ж. Алматы ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын «Тайпақ» кеңшарында тракторшылар бригадасының жетекшіісі ретінде бастаған ол бұрынғы Тайпақ (1960-69), Чапаев (1973-77), Жаңақала (1977-79), Қаратөбе (1979-88) аудандарының шаруашылық-партия саласында басшылық қызметте болды. 1991-97 ж. облыстық газ. шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары. Облыс экономикасы мен әлеуметтік-мәдени өмірін дамытуға үлес қосқан жергілікті басшы Бөлеев «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, бірнеше медальмен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Тілекқабыл Тайшыбайұлы Бөлеев · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.