Поллюция () — ұрықтың, шәуеттің ұйқы кезінде еріксіз бөлінуі. Ол көбінесе ұйықтаған кезде түс көріп жыныс мүшесі қозғанда т.б. себептерден пайда болады. Бойдан кету жыныстық жетілу белгісі, ол 15–16 жастардан бастап кездеседі.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3 Ересектер арасында жыныстық қатынастан бас тарту себебінен орын алуы да мүмкін.

Жиілігі 2007 жылы жасалған егжей-тегжейлі зерттеуде ерлер мен әйелдер күнделікті түстерінің шамамен 8% жыныстық қатынасқа байланысты әрекеттердің қандай да бір түрін қамтитынын хабарлады. Ерлер де, әйелдер де жыныстық түстерінің 4% оргазмға әкелді.

Ерлер арасында Поллюцияның жиілігі өте өзгермелі. Кейбіреулер бұл жыныстық қатынасқа немесе мастурбацияға қатыспай, 1-2 апта бойы жыныстық белсенді емес болу себебінен орын алады деп хабарлайды. Еркектердің бір бөлігі жасөспірім кезінде көп поллюцияның бастан өткенің айтса, басқаларда ол ешқашан да болмаған делінеді.

Поллюцияны бастан өткерген ерлер үшін орташа жиілік жасы бойынша ауытқиды: 15 жастағы жалғызбасты ер адамдар үшін ол аптасына 0.36 рет (шамамен үш аптада бір рет) орын алса, 40 жастағы жалғызбасты ер адамдар үшін аптасына 0.18 рет (шамамен бес жарым аптада бір рет) орын алады. Үйленген ер адамдар үшін орташа көрсеткіш аптасына 0,23 рет (айына бір рет), 19 жастағы некедегі ер адамдар үшін 0,15 реттен (шамамен екі айда бір рет) және 50 жастағы үйленген ер адамдар үшін аптасына 0,15 ретке (шамамен екі айда бір рет) дейін ауытқиды. Түрлі елдерде поллюцияның жиілігі ауытқиды, мысалы, Индонезияда жүргізілген зерттеулер 24 жасқа дейін ерлердің 97% поллюцияны бастан кешіргенін көрсетті.

Әйелдер арасында 1953 жылы секс зерттеушісі Альфред Кинси сұхбат берген әйелдердің шамамен 40% бір немесе бірнеше поллюцияны бастан кешкенін анықтады. Әдетте поллюция жылына бірнеше рет болатыны және олар ең ертесі 13 жаста басталса, әдетте 21 жаста басталғаны анықталды.

Әйелдерде түнгі оргазм күнделікті өмірдегі жыныстық қатынас жиілігіне байланысты емес.

Зерттеулер тапқан мәлімет бойынша поллюция әйелдерге қарағанда жиі еркектермен көбірек орын алады. Әйелдердің поллюциясын еркектердің поллюциясына қарағанда нақты анықтау қиын болуы мүмкін, өйткені эякуляция көбінесе ерлердің оргазмымен байланысты болса, вагиналық секрет оргазмды білдіре бермейді.

Діннің көзқарасы Ислам Ислам дінінде поллюцияға тыйым салынған жоқ. Ислам ахлақы мәліметінше адам түсінде жыныстық қатынас көрсе, бірақ оянғанда ұрық, шәует бөлінбесе ғұсыл орындау қажет емес.

Дереккөздер

Санат:Ұйқы Санат:Ұрық Санат:Еркектердің көбею жүйесінің физиологиясы Санат:Көбею жүйесінің физиологиясы