Жақия Ғаббасұлы Сейітқазиев (12 желтоқсан 1924, Жаңақала ауданы, Таубұрат мекені — 1999, Алматы қаласы) - соғыс ардагері, генерал-майор.

Өмірбаяны Украина жеріндегі майданға қатысқан. Жарақаттанғаннан кейін «Совет әскері» майдандық газетінің редакциясында жұмыс істеген. 1946-1948 жылы Батыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінде. 1948-1987 жылы Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Ақмола облыстық мемлекеттік қауіпсіздік органдарында, сондай-ақ республикалық мемлекеттік қауіпсіздік комитетінде қызмет атқарған. 1976-1987 жылы Ақмола облыстық қауіпсіздік комитетінің бастығы. 1989 жылы Ардагерлер кеңесінің төрағасы. Бірнеше орденмен марапатталған.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:12 желтоқсанда туғандар Санат:1924 жылы туғандар Санат:Жаңақала ауданында туғандар Санат:1999 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары