Скоробогатов Анатолий Маркович(14.10.1906 жыл, Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, 1-Шежіре ауылы - 21.6.1944 жыл, Ресей, Ленинград облысы, Выборг қаласы) — 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, гвардия лейтенанты, танкінің аға механик-жүргізушісі, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры.

Өмірбаяны 1941 жылы танкшілер даярлайтын қысқа мерзімді курстан өтіп, 26-шы гвардиялық танк полкының құрамында ұрысқа кірді. Кеңес әскері қатарында 1922-28 жылы әскери борышын өтеді. 1941 жылдан Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943 жылы Челябі танк техникалық училищесін бітірді. 26-гвардиялық ауыр танк полкінің (Ленинград майданы 21-армия) танк жүргізушісі Скоробогатов 1944 жылы 21 маусымда ерекше көзге түсті. Мықты бекінген жау шебін талқандау кезінде Скоробогатов асқан ептілік көрсетіп, жаудың екі зеңбірегі мен минометін жойды. Ұрыс кезінде танкіге оқ тиіп істен шыққан соң Скоробогатов жаудың 30-дан аса әскері мен офицерін жойып жіберді. Оқ-дәрілері таусылғанына қарамастан, жауынгерлер отқа оранған танкілерін тастап кетпей, экипаж құрамында 7 сағат бойы ұрыс жүргізді. Осы шайқаста Скоробогатов қаза тауып, Выборг қаласындағы бауырластар зиратына жерленді. Марапаттары КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3. 1945). Ленин ордені «Қызыл Жұлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:14 қазанда туғандар Санат:1906 жылы туғандар Санат:Тасқала ауданында туғандар Санат:21 маусымда қайтыс болғандар Санат:1944 жылы қайтыс болғандар Санат:Выборгта қайтыс болғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері Санат:Ұлы Отан соғысы ұрыстарында қаза тапқандар Санат:Выборгте жерленгендер