Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов (29.04.1950, Алматы облысы Қарасай ауданы - 3.01.2014) – психология ғылымдарының докторы (1999), професор (2000).
Өмірбаяны Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1977). Қазіргі Қарағанды мемлекеттік университетінде (1977–94) ҚР ҰҚК ин-тында (1994–97) ҚазҰПУ-да (1997–2000) қызметтер атқарды. 2000 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі. Ғылыми жұмысы 120-дан аса ғылыми жарияланымы, оның ішінде 1 монографиясы бар.Қазақ энциклопедиясыЖетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Профессор Жақыповтың жетекшілігімен казіргі психологияның өзекті мәселелеріне арналған бір докторлық және 36 кандидаттық диссертациялар қорғалды, ғылыми мектептің құрылымдық өзегін құрайтын негізгі бағыттағы зерттеулерді келесідей біріктіруге болады: оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттің әлеуметтік-психологиялық жағдайлары мен тиімділік механизмдерін зерттеу; этностық жаңсақ нанымдардың, полиэтностық ортадағы стереотиптер мен құңдылық бағдарлардың қалыптасу және даму механизмдерін кешенді зерттеу.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
Дереккөздер
Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қарасай ауданында туғандар Санат:Қазақстан психологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Психология ғылымдарының докторлары Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары