Столыпин Аркадий Дмитриевич (1821 — 1899) - генерал, дворян тұқымынан, Жайық қазақ-орыстар әскерінің жоғарыдан тағайындалған атаманы (1857-1862).

Жан-жақты білімді, тарихшы, мүсінші, музыкант, дін ілімін меңгерген.

1877-1878 жылы Қырым және орыс-түрік соғысына қатысқан. Атаманның белсенділік көрсетуімен Оралда театр ұйымдастырылды, сондай-ақ Орал-Самара почта жолы, Орал-Бузулук-Самара телеграф желісі және түңғыш әскери баспахана (1862) жұмыс істей бастады, бірнеше мектеп және діни училище, шіркеу ашылды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Орыс-түрік соғыстары