Көктемір, Көрінбес — ел аузындағы аңыздың кейіпкері. Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі жеңілгеннен кейін Кіші жүзде көтерілісті әрі қарай жалғастырған Сәпура батыр.Сәпура батыр туралы білеміз бе?

Халық арасында 1775 ж. Үлкен Қобда өзені жағасында «көзге көрінбейтін адам» пайда болды, ол тіпті Сапира атты әйелдің үйінде тұрыпты-мыс деген әңгімелер шыққан. Көктемір қазақ даласына «патшаның» (Е.Пугачевтің) келетінін аян етіп, халықты оның айналасына жиналуға шақырды. 1775-76 ж. жалпы саны 10 мыңға дейін жететін Казак отрядтары Ресейдің бірсыпыра бекіністеріне шабуыл жасады. Көктемір қозғалысы 1775 ж. көктем мен жаз айындағы қаралы оқиғадан кейінгі күрестің жаңа түрі болды.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Өмірбаяны Зерттеушілердің пікірінше, ол Кіші жүздің Табын немесе тамырлас руларының ортасында 1753 жылы дүниеге келген болуы мүмкін. Жастайынан зеректігімен, батылдығымен және шешендігімен танылғаны айтылады.Шаһарда Сапура Мәтенқызының ерлігі ұлықталды

Қоғамдық қызметі 1770-жылдары қазақ даласында патша әкімшілігінің саясатына қарсы толқулар күшейе бастады. Сол кезеңде Сәпура Мәтенқызы халық арасында беделге ие болып, кей деректерде жасақ жинап, қозғалысқа қатысқан деп көрсетіледі.

Тарихтағы орны

Сапура Мәтенқызы қазақ тарихындағы батыр әрі ержүрек әйелдердің бірі ретінде аталады. Оның есімі кейбір тарихи еңбектерде 1770-жылдардағы Кіші жүздегі халық қозғалыстарының қатысушысы ретінде кездеседі.

Дереккөздер

Санат:Кейіпкерлер Санат:Ұлт-азаттық қозғалыстардың көсемдері