Асылхан Нұрмұхаметұлы Данияров (10 тамыз, 1935 жыл, Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Казгородок (Кертінді) ауылы – 1993 жыл) – техника ғылымдарының докторы (1980 жылы), профессор (1987 ж.).

Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1958). «Қарағандыкөмір» комбинатының «Октябрькөмір» тресіндегі шахтада кен мастері, механик (1958–61 жылдары), Қарағанды политехникалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, проректор (1964–87 жылдары) қызметтерін атқарды.

Негізгі ғылым еңбектері мен өнертабыстары механикаландыру құралдарын және оларды пайдаланудың өзіне тән шарттарын ескере отырып, бағалау тәсілдерін жасауға және жетілдіруге арналған.

25 өнертабыстың авторы.

Санат:10 тамызда туғандар Санат:1935 жылы туғандар Санат:Нұра ауданында туғандар Санат:1993 жылы қайтыс болғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті оқытушылары Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің профессорлары Санат:Қазақстан механиктері Санат:Қазақстан өнертапқыштары