Меруерт Қабыкенқызы Кәленбаева 1939 жылы 9 маусымда Орал облысының Орда кентінде туған. Қазақ. Алматы мемлекеттік консерваториясының Халық аспаптар факультетін бітірген (1961), оркестр әртісі, оқытушы, концерттік орындаушы.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры (2004 жылдан). Хрестоматияның авторы (Алматы қ., 2003). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1961 жылдан - Құрманғазы атындағы Халық аспаптар оркестрінің әртісі. 1972 жылдан - Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрінің концертмейстері. 1966 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы қобыз және баян кафедрасының оқытушысы, 2004 жылдан бері - профессоры.

ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1977). Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік». Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Нұралы Таңатар Қонырұлы, профессор.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар Санат:Профессорлар Санат:1939 жылы туғандар Санат:Қобызшылар Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері