Қарақамыс — Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы ауыл, Саралжын ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Қаратөбе ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 48 км-дей жерде, бірнеше кішігірім көлдердің жанында, құрақ, қамыс аралас кекпек, бетеге, еркекшеп, т.б., ер түрлі шөптесін өсімдіктер өскен шалғынды бозғылт қоңыр, қоңыр топырақты шөлейт белдемде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1708 адам (876 ер адам және 832 әйел адам) болса, 2009 жылы 1415 адамды (744 ер адам және 671 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1190 адамды (596 ер адам және 594 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1961-1997 жылдары қаракел қойын есіретін «Саралжын» кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Қарақамыста және округке қарасты Бесотар жене Сәуле ауылдарында ендірістік кооператив жене 11 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Орта, орталау мектептер, 2 кітапхана, клуб, мәдениет үйі, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қаратөбе ауданы елді мекендері