Качуркалар () - дауылпазтәрізділер тұқымдасы. Ұзындығы 14-25 см. Қанаттары қысқа. Белсенді ұшатын құстар 7 туыс 21 түрі бар. Олар Атлант, Үнді және Тынық мұхиттар жағалауын мекендейді. ТМД аймағында 3 түрі кездеседі. Олар қиыр шығыс теңіздері жағалауларында топтасып індер мен жартастарды ұялайды. Ұсақ теңіз жануарларымен қоректенеді. Кіші качурка Қызыл кітапқа енгізілген.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Дауылпазтәрізділер