Қоскөл — Қалдығайты өзенінің орта ағысындағы көл.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданындағы Қоскөл ауылының шығысында 19 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 2,84 км2, ұзындығы мен ені 2,1 км, жағалау бойының ұзындығы 7,6 км. Негізінен қар, жаңбыр суымен толығады. Қараша айының 2-жартысында қатып, сәуірдің ортасыңда мұзы түседі. Жағалауында қамыс, қоға өскен. Жазда көл суы құрғап қалады. Жағалауы жайылым ретінде пайдаланылады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8

Дереккөздер

Санат:Қаратөбе ауданы көлдері