Леонид Васильевич Скалковский (24.6.1924 жылы туған, Ресей, Алтай өлкесі, Каменск ауданы Новоярка ауылы) - ақын. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Соғыстан кейін ҚазҰУ-ды бітірген. "Казахстанская правда" газеті редакциясында әдеби қызметкер, Қазақстан жазушылар одағының әдеби кеңесші, "Простор" журналы поэзия бөлімінің редакторы, "Қазақстан" баспасы бас редакторының орынбасары, Қазақстан телерадио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте редактор, Қазақстан жазушылар одағы көркем әдебиетті насихаттау бюросы директорының орынбасары болған. Көптеген қазақ ақындарының өлеңдерін орыс тіліне аударған. "Александр Невский" орденімен, медальдарымен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Шығармалары Всегда в строю. Стихи. А-А., 1953; Огни в горах. Стихи. А-А., 1958; Меридианы сходятся. Стихи. А-А., 1965; Эдельвейс. Стихи. А-А., 1973; А., 1973; Вызываю огонь на себя. Стихи. А-А., 1979; Раздумья. Стихи. А-А., 1984; К себе прислушаться. А-А., 1988; Венера - наш третийдом. 1997.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Леонид Васильевич Скалковский · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.