Тышқанбаев Бұқара (12.4. 1920, Алматы облысы Ұйғыр ауданы 1985) - жазушы. Үрімжі педагогикалық учщесін бітірген (1941). 1944 - 62 ж. Шыңжаңның Құлжа және Үрімжі қ-нда баспасөз және мәдениет саласында жауапты қызметтер атқарған. Тышқанбаев әдебиетке 1940 жылдан бастап араласты. "Шыңжаң" газеті, "Төңкерістік Шығыс Түркістан", "Алға" газеті, "Шұғыла" журналында өлең, әңгімелері жарық көрген. Шыңжаң өлкелік, облысы театрларында "Құлжа" (1945), "Халық күші'' (1952) пьесалары қойылды. Тышқанбаев - "Касен - Жәмила" көркем фильмінің сценарийі (1955) мен "Азамат" повесінің (1964), "Махаббат әмірі" (1968) атты пьесасының авторы. Тышқанбаев ұйғыр жазушысы Зия Сәмедидің "Майымхан" романы мен "Бір тал папирос" повесін қазақ тіліне аударған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Санат:1920 жылы туғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар