Қарағанды облысы әдебиеті мен өнері - Түркі кезеңінің тарих жәдігерлері Арқа жерінде, соның ішінде Қарқаралы, Бұғылы, Тағылы, Ортау, Қызылтау, Ақтау, Ұлытау тауларында жиі кездеседі. Бұларды жергілікті халық «қыз тас», «кемпір тас», «балбал тас» деп атайды.
Ежелгі түркі дәуірінін коғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайы дастандар — «Күлтегін», «Білге қаған» және «Төныкөк» жырлары. Міне, осы тасқа жазылған дастанның көшірмесі Елордасы — Астанаға өкелінді.
Орта ғасырда (10-12 ғғ.) түркі әдеби тілі жан-жақты дамып, жетіле түсті. Мұның өзі түркі халықтарының, соның ішінде қазақ, өзбек, ұйғыр, қырғыз т.б. халықтардың этникалық құрамының қалыптаса бастауы мен олардың әлеуметтік-қоғамдық өмірдегі рөлінің біртіндеп арта түсуіне қатысты болды. Қыпшақ, оғыз, қарлұқ тайпалары мен халықтарының тілдері негізінде 9-10 ғғ. араб графикасындағы түрік жазуы қалыптасты. Орта ғасырдағы ең танымал туындылар — «Құтадғу білік», «Хибат ул-хақайық», «Диуани лұғат ат-түрк» сөздігі жергілікті Қарахан мемлекетіндегі тайпалар мен халықтардың бәріне түсінікті, ортақ тіл болды. Жер көлемінің өзі бірнеше мемлекеттен асып түсетін Сарыарқаның кіндігі қасиетті Қарағанды — ұлт әдебиеті мен өнерін дамытуға әсер еткен сандаған ерте дәуір ескерткіштеріне бай елке. Сонау ғұн, сақ дәуірінің белгілері үш жүздің басын талай біріктірген Ұлытау өңірінен бастап сыр шертеді. Телікөл бойындағы «Таңбалы тас», кене дәуір естелігі Домбауыл кешені, Едіге тауы, Алашахан, Жошы хан мазарлары, Теректі әулиедегі шоғырланған тас дәуіріндегі петроглифтердің ғажайып галереясы, Ақтау, Ортау, Қаратаудағы тас обалар мен кене жазулар соның айқын дәлелі. Сонымен қатар әлемдік маңызы бар көне әркениет ошағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті де Орталық Қазақстанның кіндігі Қарағанды аймағының тарихи-мәдени тұрғыдағы маңызын көрсетеді. Ал Бектау-атадағы үңгірлер, Қарқаралы өңіріндегі кене дәуір ескерткіштері Қарағанды аймағының қазынасы қымбат, тарихы теренде жатқанын айғақтайды. Түбі бір түркі тайпаларынын тамсана айтып, ұзақ күнде тауыса алмайтын әйгілі ғұн дәуірінің дәнекері «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жырыңдағы Қарабайдын көші өткендігінің куәсі Ақшатау, Жауыртау, Есіл мен Нұра, Қарт тауы, Сарыоба, Қодардың қара жартасы т.б. жер-су атаулары да Қарағанды өңірінің сөз өнеріне ерте кезден-ақ арқау болғанын керсетеді. Классикалық эпосымыз «Қозы Керпеш—Баян сұлу» жырының ең таңдаулы нұсқасын жырлаған Жанақ Сағындықұлы, «Қобыланды батыр» жырын айтушы Құлзақ Аманкелдіұлы, осы жыр туралы алғаш пікір қозғаушылардың бірі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан Қарағанды өңірінің тумалары болып табылады. Ал тарихи жырларды айтушылар Тоғыстайұлы, Доскей Әлімбаев, Иманжан Жылқайдаров, Қайып Айнабеков т.б. дарындар Арқа өңірін өлең-жырға бөледі.
Алаштың абызына айналған Асан Қайғы туралы аңыз, әпсаналар Орталык Қазакстанның басты рухани қазынасы іспетгі. Асан атаның жер-суға айтқан сыны, Әз-Жәнібекпен бірге жүрген кездері туралы деректер біздің облысымыздың аумағынан орын алған. Жұрт айтып келе жатқан Бектау-атаға байланысты топонимикалық аңыз дауларды, Қарағанды облысыңдағы қазіргі Жаңаарқа ауданының бұрын Асан Қайғы ауданы атанғанын, әйгілі тәуелсіздік жаршысының Ұлытауда өмірден өткендігі туралы ел әңгімелерінің Асан Қайғыға қатысты болып келетіңдігі ғылыми айналымға түсе қоймаған мәселелер екендігі мәлім.
13 ғасырдың алғашқы жартысында бүкіл Дешті Қыпшақ ұлан-ғасыр Шыңғысхан империясының бір бөлігіне айналып, Жошы ұлысы атала бастады. Шыңғыс заманында, 13 ғ. найманда Кетбұға атты ұлы жыраудың Жошы өлімін естіртуі қазақ шежіресінде сақталып келген. Араб тарихшысы әл-Омаридің айтуынша, көп ұзамай-ақ моңғолдар түрік тайпаларының арасына сіңіп кетті. Қыпшақ тілі мемлекет тіліне айналды.
Дербес, қазақ атымен аталатын әдебиеттің өмір сүруі 15 ғасырдың орта шенінен басталады. Қазақ халқының кұралу дәуірі халқымыздың санасында, сонымен бірге әдебиетімізде үлкен із қалдырған. Біздің заманымызға сол кезендегі халық зарын көрсететін «Ноғай-қазақтың айрылуы», «Орманбет хан өлгенде, он сан ноғай бөлгенде» сияқты күйлері жетті.
Тамыры тереңде жатқан ауыз әдебиетінің саф алтын нәрін кейінгі ұрпаққа жеткізген не бір дүлдүлдер Сарыарқа өңірінің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған. Олардың санатында Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781), Жанақ Сағындықұлы (1770-1856), Қобылан Бөрібайұлы (1760-1840), Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895), Шортанбай Қанайұлы (1818-1880), Кемпірбай Бөгембайұлы (1834-1895), Нарманбет Ормамбетұлы (1860-1918), Айтбай Демікпеұлы (1830-1916), Әсет Найманбайұлы (1867-1923) және т.б. бар. Қарағанды — қазақ халқының айтыс өнерінің алтын бесігі. Доскей, Тайжан, Болман, Қайып, Шашубай, Маясар, Көшен, Тәужи, Келзақ, Жәкен, Айтбай, Иманжан, Зейнеп, Жүнісбек, Кенішбай, Ғабдиман, Нұрахмет, Ілияс, Жолдыкей, Бұралкы, Уәйіс, Сартбастың Түскені, Маймақ, Балабек, Күзембай, Диа қажы, Дуана, Тайшыбек, Өксікбай, Ақыжан, Сәрәнжіп, Исабек сынды талаланттар өрен өнер жүйріктері. Ал Жанақ, Шашубай, Мәди, Қали қалдырған әндердің өзі қазақ музыкасының інжу-маржандары болып табылады.
Өз заманындағы ірі тұлғалардың бірі — Каз дауысты Қазыбек би. Әйгілі бидің тұстастары және шешендік енер мектебінің екілдері ретінде Байдалы би, Алшынбай би, Жанғұтты шешен, Бекболат би, Шабанбай Қалқаманұлы, Едіге би, Саққұлақ би, Тайкелтір би, Бекше би, Шоң би, Есей би, Кенже би т.б. есімдерді айтуға болады. «Билер кеңесінде үш жүздің атақты билері бас қосқан. Осындай кеңестің бірінде «Қырық рудың қырық биі» қазіргі Сырдария облысы (Өзбекстан) Ангрен езенінің жағасындағы Күлтөбе басында «Ханабад» атты Тәуке ханның ордасында қазақтың әдет-ғұрып заңдарының жиынтығы «Жеті жарғы» қабылданған. Дәл дауысты Қазыбек, Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Сасық би қатысқан. Қазақ халкының ұлы тұлғаларының өмірі де Қарағанды өңірімен тамырлас. Мәселен, Шоқан Уәлиханов Қарқаралыға екі рет келіп, әсем табиғатына сүйсінген, әрі өзінің құнды зерттеулерін осы өлкеде жұргізгенін айрықша сезіммен жазады. Ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай қажы Қарқаралыда мешіт салдырды. Абай ақын токтаған үй де осы Қарқаралыда. Сонымен қатар Қарқаралыда Г.Н. Потанин, М.М.Пришвин, А.В. Затаевич сынды әйгілі адамдар болған.
20 ғ. басындағы қазақ қоғамындағы Ресей отаршылдығына қарсы бағытталған саяси-әлеуметтік серпілістер мен сілкіністер де Қарағанды өңірімен тығыз байланысты. Бұл ретте 1905 жылғы Қарқаралы петициясы оянған ұлттық сананың көрінісі және де тәуелсіздік жолындағы тарихи маңызы зор бұлқыныс еді. Петиция ұлт кесемдері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақбаев өсімдерімен сабақтас. Ұлт азаттығын діттеген Алаш партиясының саяси тұлғалары да Қарағанды өнірінің тумалары Ә. Бөкейханов, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаев болды. Ал А. Байтұрсынов Қарқаралының Актерек ауылында мектеп салдырып, білім берді. Ауызша халық шығармашылығының және жазба әдебиетінің жаңа кезеңі 1916 жылғы көтеріліспен үндес болды. Бұл кезеңнің шығармашылығы бодандық саясатка қарсы, ұлттық бірігу және әлеуметгік теңдікке шақырды. Қазан төңкерісі және одан кейінгі окиғалар Д. Әлімбаев (1850-1946), I. Манкин (1880-1954), Ш. Қошқарбаев (1865-1952), Қ. Айнабеков (1885-1955), Ғ. Игенсартов (1902-1976) және т.б. шығармаларында кең насихатталды. Азамат соғысының ауыртпалығы, жаңа биліктің орнығуы, қазақ қоғамындағы сол жылдардағы қайшылықтар С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романында баяндалды. С. Сейфуллин, О. Беков өңірдің өндіріс жұмысшыларының өмірі мен тұрмысын ашып көрсетуге тырысты. Спасск, Нілді, Қарағанды руднигі жұмысшыларының жинақы образы Сәкеннің «Жұмысшыларға» атты үндеуінде айтылды. Б. Майлин 1933, 1934 жылдары Қарағанды каласына келгенде шахтер енбегі туралы бірнеше очерк жазды. Қазақ әдебиетінде жұмысшы тақырыбына арналған белгілі шығарманын бірі С. Ерубаевтың «Менің құрдастарым» болды. Соғыс алдында С. Сейфуллиннің «Қызыл ат», «Альбатрос», Ғ. Мұстафиннің «Өмір және әлім» атты шығармалары жарияланды.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері Қарағандыға М.О. Әуезов келіп, Сарыарқаның металлургтері мен шахтерлеріне Отанды қорғауға жалынды үндеу тастады. Ә. Әбішев «Төлеген Тоқтаров», «Саржан», «Жас ұрпақ», Ғ. Игенсартов «Лавадағы өмір» шығармаларында Қарағанды шахтерлері мен жұмысшыларының жанқиярлық еңбегін, Отанға деген сүйіспеншілігін, халықтар достығын жазды. 1943 ж. 14 тамызда және одан кейін де Қарағандыда өткен ақындар айтысы жауды жақын арада жеңуге халық сенімін арттырды. Айтыстарға Қ. Айнабеков, К. Елеуов, I. Манкин, Ж. Нұрмағамбетов (Қарағанды), Ш. Қошкарбаев (Балқаш), Н. Ожанов (Ұлытау), М. Жапаков (Шет), С. Әзденбаев, Т. Айнатасов (Нұра) жиі қатысып тұрды. Олардың мәтіндері газетте жарияланды. Орыс ақыны Н. Титов кейбіреулерін орыс тіліне аударды.
Дауылпаз ақын Қ. Аманжоловтың (1911-1955) майдан тақырыбына жазған «Абдолла» поэмасы, жалынды публицист Б. Бұлкышевтің (1916-1944) «Комсомольская правда» газетіне алғы шептен жолдаған хаттары патриоттық шығармалардың тамаша үлгілері болып табылады. Оларды қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов қазақшаға аударып, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетіне жариялады.
Соғыстан кейінгі кезендегі шахтер еңбегіне Н. Заболоцкий, М. Львов, Б. Ахмадуллина, Н. Титов шығармаларын арнады. Ғ. Мұстафиннің «Қарағанды» (1952), Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің «Оянған өлке» (1953), 3. Шашкиннің «Теміртау» (1960) романдары жарыққа шықты. Қарағанды материалдары негізінде республика жазушылары ұлттық әдебиетте жаңа жұмысшы тақырыбын игере бастады. Ғылым академиясы 1954-1957 ж. экспедициясының зерттеу тақырыбының нысаны жұмысшы қазақтардың ән шығармашылығы болып, нәтижесінде «Қарағанды жұмысшыларының өлең-жырлары» жинағы шықты. 1956 жылдан бастап Қарағандыда Қазақстан Жазушылар одағының облыс аралық бөлімі жұмысын бастады. Республика жұртшылығының оқырмандарына М. Байсейітов, Ж. Бектұров, Е. Ебекенов, М. Зуев-Ордынец, Ә. Көшімов, Ж. Сарсекеев, К. Салыков, Д. Оськин, К. Боранбаев, А.Теміржанов кеңінен танымал болды. Оқырмандардың лайықты бағасын алған М. Зуев-Ордынецтің «Вторая весна», М. Балыкиннің «Марианна», Н. Пичугиннің «Зори над городом», Ә. Әзиевтің «Жез таулар», С. Ләмбековтің «Тайталас», М. Бродский, Т. Бейсенбеков, А. Бөкенов, Қ. Жойқынбеков, К. Жүністегі, Л. Лунина, О. Кәріпов, А. Каражігітов, К. Сауғабаев, Р. Сүлейменов, С. Аксұнхарұлы, Ф. Игнатов, А. Барқан және басқаларының кітаптары республика баспасынан басылды. 1980 жылдардың ортасында Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің «Оянған өлке» романының екінші томы — «Жат қолында» кітабы шықты. Қарағанды, Теміртау, Жезқазған авторларының ұжымдық жинақтары жарияланды. Қарағанды жазушылары республика жазушыларының 6-9-съездерінің жұмысына қатысты. 1974 жылы 22-25 мамырда Қарағандыда Қазақстандағы кеңес әдебиеті күндері өтгі, ол жазушылардың қарым-қатынастары мен шығармашылық байланысын күшейтті.
Әдебиет пен өнер, ғылым саңлақтарына да Арқа өңірі кенде емес. Мәселен, Е. Бөкетов, А. Машанов, С. Талжанов, С. Қирабаев, М. Хасенов, Д. Шалабеков, I. Жарылғапов, Қ. Сатыбалдин, Б. Ысқақов, Ж. Смақов, К. Смайылов, Ә. Болғанбаев, Б. Мамыраев, Т. Рахымжанов, Б. Әбдігеізиев, М. Хамзин, С. Тахан, Ж. Смағұлов және А. Сатаев, Е. Йбрахим, А. Жұмаділдин, А. Райымбеков, А. Сейдімбеков, С. Сматаев, С. Нәкенов, Д. Стамбеков, Ж. Кашқынов, Ж. Жаменов, Е. Иғенберлин, Б. Асанов, Т. Әлжанов, Қ. Жөкенов, Ғ. Жайлыбай, Ғ. Ештанаев, Т. Жұмаш есімдері ерекше аталады.
Әдебиеттану саласының дамуы 3. Жұмағалиев, Б. Кәрібаева, Қ. Тұңғышбаев, Қ. Лекеров, М. Смағұлов, Б. Рахымов, М. Әбдуов, А. Тэн еңбектерінен көрінді. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің филология факультетінде қазақ әдебиеті және теориясы, қазақ фольклоры және әдебиет тарихы кафедралары Қарағанды өңірінің әдебиетін жан-жақты зерттеуге үлестерін қосуда.
Музыкасы