Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:
қоғамдық тәртіпті қорғау амалы болып табылады; мәжбүрлеумен байланысты, яғни құқық бұзушы үшін жағымсыз салдармен; іс-жүргізу нысанында жүзеге асырылады; сотпен, сондай-ақ өзге де уәкілді органдармен қолданылады; соттауға болмайды және жұмыстан шығарылмайды; жұмыс орнына қарамастан, барлық азаматтарға бағытталған.Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5