Еңбек — Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы ауыл, Еңбек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Жалағаш кентінен оңтүстікке қарай 30 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында, Аламесек көлінің батысындағы қара сексеуіл, еркек шөп, жусан, бұйырғын өскен шөлейтті белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1994 адам (982 ер адам және 1012 әйел адам) болса, 2009 жылы 1979 адамды (1014 ер адам және 965 әйел адам) құрады. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы
Тарихы 1930 жылы Мыңсай, Бозарқаш, Аққошқар қоныстары біріктіріліп, «Еңбек» ұжымшары құрылған. 1967 жылдан күріш өсіруге мамандандырылған «Қазақстанның Ленин комсомолы» атындағы кеңшар орталығы болды. « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013 Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жалағаш ауданы елді мекендері