Айырқұйрықтылар - ұзындығы 3,5-50 мм., құрсағының ұшында тістеуікке ұқсас церкалары орналасқан. Онымен айырқұйрықтылар жауларынан қорғанады және шабуылдайды. Алдыңғы қанаттары қысқа, қатты, артқылары жарғақ тәрізді. Кейде артқы қанаттары жетілмеген. 1300дей түрлері бар. ТМД кеңістігінде 26 түрі таралған. Айырқұйрықтарылардың тіршілігі түнде басталады. Өсімдіктермен, ұсақ омыртқасыздармен және детритпен қоректенеді.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Дереккөздер
Санат:Айырқұйрықтылар