Гавриил Моисеевич Бойченко (1 ақпан 1927, Ессентуки, РКФСР, КСРО — 1 тамыз 2013, Алматы) — актер, Қазақстанның халық әртісі (1987).
Өмірбаяны Ставрополь өлкелік орыс драма театры жанындағы студияны бітіргеннен кейін осы театрдың негізгі құрамына қабылданды (1947). 1949 - 1953 ж. Есентуки қаласында көркемөнерпаздар үйірмесін басқарды, кейінен Иркутскінің (1953 - 1960) және Астраханның (1960- 1962) балалар және жасөспірімдер театрында актер болып, көбіне балалар рольдерін орындаумен көзге түсті. 1962 ж. Қазақ балалар және жасөспірімдер театрына қабылданып, 1985 - 1987 ж. осы театрдың орыс бөлімінің директоры қызметін атқарды. 1994 жылдан Республикалақ орыс драма театрының актері.
Бойченко актерлік шеберлігіне ой мен пластикалық әрекет тұтастығы, шынайылық, сахналық үйлесімділік тән. Оның театрда ойнаған таңдаулы рольдері қатарында Мишка (И.Н. Серебряковтың "Қызыл перілерінде"), Белоянис (Н.М. Гусевтің "Ақ қалампырлы адамында"), Барон Мюнхгаузен (Г.М. Гориннің "Ең шыншылында"), т.б. бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1 ақпанда туғандар Санат:1927 жылы туғандар Санат:Ессентукиде туғандар Санат:1 тамызда қайтыс болғандар Санат:2013 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:КСРО актерлері Санат:Қазақстан актерлері Санат:Қазақстан халық әртістері Санат:Еңбек ардагері медалінің (Қазақстан) иегерлері Санат:Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры тұлғалары Санат:Ставрополь өлкелік орыс драма театры жанындағы студия түлектері Санат:Ставрополь өлкелік орыс драма театры тұлғалары Санат:Иркутск балалар және жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Астрахан балалар және жасөспірімдер театры тұлғалары