Сусарлар () – сусарлар тұқымдасына жататын бағалы терілі аңдар туысы.
Дене ұзындығы 50 см дейін, кейбіреулері 80 см жетеді. Құйрығы ұзын, (34—44 см). Түсі көбінесе құбақоңыр және коңыр, кеудесінде ақ дағы бар. Еуразия мен Солтүстік Американың орманды аймақтарында таралған. ТМД—да, 4 түрі: бұлғын, орман сусары, тас сусары, харза кездеседі. Полигамдар. Жыртқыштар және кейбір жағдайларда өсімдікжегіштер бола алады. Тері кәсіпшілігінің бағалы аңдары және аң шаруашылығында өсірілетін бағалы терілі аңдар.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Түрлері Martes americana Martes flavigula Тас сусары (Martes foina) Martes gwatkinsii Орман сусары (Martes martes) Martes melampus Martes pennanti Бұлғын (Martes zibellina)
Дереккөздер
Санат:Сусарлар