Ризвангүл Құддысқызы Хасанова (20.11.1951 жылы туған Алматы)- музыкатанушы, пианиношы, педагог, өнертану кандидаты (1987). 1976 жылы Мәскеу консерваториясы, 1986 жылы Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аспирантурасын бітірді. 1977 жылдан Алматы консерваториясында педагогика қызметпен айналысады. 1977 жылдан оқытушы, 1992 - 1996 жылдары концертісін ұйымдастыру мен музыкалық педагогика кафедрасының меңгерушісі, 1993 жылдан доцент, конңерт пен коммерциялық қызмет жөніндегі проректоры (1996 - 1999; 1993 - 1998 жылдары "Мюзикл интеллекшин" жауапкер-шілігі шектеулі серіктестігі музыка мектебінің директоры), 1999 жылдан ғалым-хатшы, 2002 жылдан фортепьяно факультетінің деканы. 1983 жылдан Қазақстанның кәсіби музыкасы мен композиторлар шығармашылығы, оған қоса музыкалық білім беру мен ұйғыр музыка мәдениеті мәселелеріне арналған мақала-зерттеулері жарияланып келеді.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1951 жылы туғандар