Омарғазы Айтанұлы (20.11.1931, ҚХР, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы Майлы тауы дүниеге келген. Мәңгілік мекеніне - 26.5.1997 жылы аттанған, Үрімжі қаласы - жазушы, ақын. Шыңжаң институтын бітірген (1957). 1957 - 59 жылдары "Шұғыла" журналында редактор, 1959 - 1978 жылдары айдауда болған. 1988 жылдан шығарм. жұмыста. Тұңғыш өлеңі 1951 жылы жарияланған. 50-ден астам өлеңі Қытай тіліне аударылған. 1997 жылы "Таразы" романы үшін ҚХР мемлекеттік әдеби сыйл. алды. Жазушыға ШҰАР-дың құрылғандығының 40 жылдығында "Құрметті жазушы" атағы берілді.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6
Дереккөздер