Магауия Көшкінбаев (1910, қазіргі Қарағанды облысы, Егіндібұлақ ауданы (қазіріг Қарқаралы ауданы) - әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1960).
1936 жылы Мәскеу консерватәриясының жанындағы қазақ студиясында оқыды. 2-дүниежүзлік соғысқа қатысқан. 1949-51 жылдары Қазақ радио комитетінде, 1951 жылдан Қарағанды облыстық филармониясында әнші-солист болып қызмет атқарды. Оның репертуарында халық әндері "Көк көбелек", "Наз қоңыр", "Ақ-құм", "Ғани", т.б., халық комиозиторлары Абайдың ("Қор болды жаным"), Ақан серінің("Құлагер", "Көк жендет"), Біржан салдың ("Жанбота", "Теміртас"), сондай-ақ композиторлар М.Ержановтың ("Туған ел"), С.Кәрімбаевтың ("Қарагөз"), т.б. шығармалары бар.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:1910 жылы туғандар Санат:Қарқаралы ауданында туғандар Санат:Қазақстан әншілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген əртістері Санат:Мәскеу консерваториясы түлектері Санат:Ұлы Отан соғысының қатысушылары Санат:Қазақ радиосы тұлғалары Санат:Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестігі әншілері