Виктор Иванович Дьяков (11 қараша 1903, Харьков — 12 маусым 1987, Алматы) — актер, режиссер, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1945).

Биографиясы Ленинградтың (қазіргі Санкт-Петербург) сахна өнері техникумында оқыды (1932- 34). 1937 жылдан режиссурамен айналысып, Қазақстандағы Ұйғыр музыка драма театрында (1937 - 40 ж. және 1949 -59 ж. бас режиссер), Қазақ және Орыс драма театрында қызмет етті.

1953 -63 ж. Қазақ телестудиясының бас режиссер болды. 1934 - 41 ж. Қазақ академия драма театры студиясында және Алматы театр училищесінде педогог қызметімен шұғылданды.

Қойған спектакльдері: Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш – Баян Сұлуы", Ш.Сәлиевтің "Отанды сүюі" (екеуі де 1938, Ұйғыр театры) Ә.Әбішевтің "Бір семьясы" (1949, Қазақ академия драма театры), М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің "Абайы" (1963, Шымкент облысының қазақ драма театры), т.б. Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер