Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры – Астанадағы қазақ музыкалық драма театры. Қ. Қуанышбаев көшесі, 8/1 мекен-жайында орналасқан.
Театр тарихы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашада Ғ. Мүсіреповтің «Ақан Сері - Ақтоқты» трагедиясымен ашылды. Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. 1993 жылы театрға КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Қалыбек Қуанышбаевтың есімі берілді. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды.Онда Ш. Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды. Бүгінде ұлттың рухани қажеттілігін өтеп отырған киелі шаңыраққа дарынды өнер қайраткерлері: 1991-1996 жылдары Жақып Омаров, 1996-1998 жылдары Қадыр Жетпісбаев, 1999-2009 жылдары Халық Қаһарманы Әзірбайжан Мамбетов жетекшілік еткен. Осындай үлкен режиссерлердің бастамасымен негізі қаланған театр тек өз жерімізде ғана емес, алыс-жақын шетелдерді де бағындыра бастады. 1999 жылы Каир қаласында өткен дүниежүзілік театрлар фестиваліне қатысса, 2000 жылы Германия Федеративтік Республикасының үлкен бес қаласына гастрольдік сапарға шықты. 2001 жылы Ресей Федерациясының Омбы қаласында Астана қаласы театрының онкүндігін өткізді. 2002 жылы Астана қаласының Мәскеуде өткен өнер күндерінің аясында Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» спектаклімен «Моссовет» театр сахнасында өнер көрсетті. 2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9 2020 елорданың асқақ сәулетіне сән берер жаңа театр ғимараты бой көтерді. 2021 жылы театр қабырғасынан тұңғыш рет «QALLEKI театр-лабораториясы» құрылды. Лабораторияның мақсаты – шығармашыл жандар үшін байланыс ортасын құру және өнерге өзгеше көзқарас жасап, тың дүниелерді сахналау. 2024 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қаллеки театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді.
Театр актерлері Рымкеш Омарханова, Шәміл Жүнісов, Болат Ыбыраев, Түймехан Атымтаева, Гүлжан Әспетова, Тілектес Мейрамов, Жұмагүл Мейрамова, Бақыт Исабекова, Бақыт Жұмағұлова, Зибагүл Карина, Ақыш Омар, Лейло Бекназар-Ханинга, Жанат Чайкина, Майра Омар, Кеңес Нұрланов, Гүлбаршын Қылышбай, Айман Аймағамбет, Нұрзада Тәшімова, Алтынай Нөгербек, Қуандық Қыстықбаев, Мейрам Қайсанов, Боранбай Молдабаев, Күлия Қожахметова, Ерлан Малаев, Жанқалдыбек Төленбаев, Нұркен Өтеуіл, Айнұр Бермұхамбетова, Сырым Әбдіқадырұлы, Әбунасыр Серіков, Асхат Сұлтан, Аманжол Молдахмет, Бақытгүл Батырханова, Ержан Нұрымбет, Қасымхан Бұғыбай, Асылбек Қапаев, Жәнібек Мұсаев, Ботагөз Мақсұтова, Самат Байыров, Дастан Әлімов, Айшолпан Ибраева, Айман Карпсейітова, Жанар Қасымова, Сая Тоқманғалиева, Жанат Оспанов, Шах-Мұрат Ордабаев, Олжас Жақыпбек, Жасұлан Ерболат, Алтынгүл Серкебаева, Айнұр Жетпісбаева, Гаухар Жүсіпова, Нұрсұлтан Есен, Ақмарал Танабаева, Ерғұлан Жанпейісов, Инабат Әбенова, Қобыланды Болат, Айкөркем Тұранова, Бәзіл Сұлтанғазы, Ақжан Құрмашева, Әнуар Бектас, Динара Егеубаева, Сағыныш Нұрхайдарова т.б.
Театр репертуары Театр репертуары көнеден келе жатқан классикалық өнер туындыларын заманға сай жаңартып, ұлттық және әлемдік драматургиямен толықтырылып келеді. 1991Театрдың «Елім-ай» әншілер ансамблі құрылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі болып Мұса Мағзұмтегі тағайындалды. Ансамбльдің «Ән домбыра – сән домбыра» атты халық композиторларының әндері мен күйлері негізінде жасалған концерттік бағдарламасы және ұлттық дәстүрге арналған «Атадәстүр» театрландырылған музыкалық композициясы көрермендер назарына ұсынылды.«Саржайлау» ұлт аспаптар оркестрі және вокалдық хор ұжымы құрылды. Оркестр құрамында домбырашылар тобы, сырнайшылар тобы жұмыс істеді. Оркестрдің бас дирижері болып Алпысбай Тұяқбайұлы, театрдың бас хормейстрі Амантай Жұмашев, бас суретшісі Дәулет Доспаев, суретшісі болып Мұрат Мақсұтұлы бекітілді. Қараша айында театр ұжымы екі сағаттық концерттік бағдарлама әзірлеп, С. Сейфуллин атындағы институтта, училище, техникумдарда және басқа оқу орындарында өнер көрсетті. Театр ұжымына қала орталығындағы алаңға жақын орналасқан қалалық партия комитетінің ғимараты біржола берілді. Оның балконмен қоса есептегенде 192 орындық көрермен залы, 1 грим бөлмесі, 1 реквизит бөлемсі, 8 артистер бөлмесі, бірнеше кабинет және асханасы театрдың игілігіне айналды.15 қарашада Целиноград облыстық қазақ музыкалық драма театрының тұңғыш премьерасы Ғ. Мүсіреповтің «Ақан Сері - Ақтоқты» спектаклі қойылды. Театрға берілген облыстық атқару комитетінің ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан спектакль «Тың игерушілер» сарайында (бүгінде Конгресс холл) болды. Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы. Суретшісі – М. Мақсұтов. басты рөлдерде – Қ. Кемалов (Ақан сері), Г. Рәшқалива (Ақтоқты), Ш. Жүнісов (Хазірет Науан), Б. Ыбыраев (Жалмұқан).З. Жақыпов, Ж. Сәрсенов «Бажалар мен балдыздар» спектаклі қойылды. Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы. Суретшісі – Д. Доспаев.С. Жүнісовтің «Қысылғаннан қыз болдық» музыкалық комедиясы дүниеге келді. Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы. Суретшісі – Д. Доспаев.Ш. Бошбековтің «Темір қатын» пьесасы сахналанды. Аударған Ж. Омарұлы, реж. Т. Тұңғышбаев, қоюшы суретшісі Е. Қамкенов. 19928 наурызда «Арман қыздар» концерттік бағдарламасы;22 наурызда «Наурызым – әнім, наурызым - сәнім» концерттік бағдарламасы жұртшылықты қуантты.Ұлттық аспаптар оркестрі көрермен назарына «Есілім - еркем» атты бағдарлама ұсынды. С. Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» драмасы Жеңіс күніне арнап қойылды. Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы. Қоюшы суретшісі – Д. Доспаев. «Ой, тоба-ай!..» атты сатирикалық концерттік бағдарлама театр маусымының сәтті туындысы болды.Шілде, қыркүйек айларында театр ұжымы Ақтөбеде болып, Тама Есет батырдың 325 жылдығына орай ас беру салтанатына қатысып, өнер көрсетті.Театр өкілдері 28 қыркүйек – 4 қазан аралығында Алматыда болған Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайына қатысты.Қараша айында «Ақан сері - Ақтоқты» спектаклінің жаңаша қойылымын әзірлеп, Алматыда өткен Ғ. Мүсіреповтің 90 жылдық мерейтойына арналған Республика театрларының фествиаләне қатысты. 1993М.Шаханов «Танакөз» Режиссері – Қ. Қасымов. Суретшісі – Д. Доспаев.Қ. Ысқақов, Ш. Құсайынов «Шырғалаң». Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы. Қоюшы суретшісі – Д. Доспаев.Қ. Мұхаметжанов «Біз періштеміз бе?»«Аққу-дастан» концерттік бағдарламаС. Балғабаев «Жиһанкез Тити»Ә. Тауасаров «Махаббат аралы» Қоюшы режиссері – Қ. Жетпісбаев. Қоюшы суретшісі – Д. Доспаев. 1994О. Бодықов «Айналдым, Ақмаңдайлым» - концерттік бағдарлама. Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы. Қоюшы суретшісі – Д.Доспаев. Д.Исабеков «Ескі үйдегі екі кездесу»О. Бөкей «Құлыным менің». Қоюшы режиссері – Т.Тұңғышбаев, қоюшы суретшісі М.Мақсұтов.С. Балғабаев «Ең әдемі келіншек» Қоюшы режиссері – Қ.Қасымов. Қоюшы суретшісі – Д. Доспаев. 1995«Желсіз түнде жарық ай» концерттік бағдарламаШ. Құсайынов «Алдар Көсе» Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы. Қоюшы суретшісі – М. Мақсұтов. «Саржайлау» концерттік бағдарлама«Елім-ай» концерттік бағдарламаШ. Айтматовтың «Ана – Жер Ана» пьесасы қойылды. Аударған – Қ. Мұхаметжанов. қоюшы режиссері – Ж.Омарұлы. Қоюшы суретшісі – Дәулет Доспаев. Композиторы – Ғазиза Жұбанова. Басты рөлдерде – Р.Омарханова (Толғанай), Т. Атымтаева (Жер Ана), Ш. Жүнісов (Сыбанқұл), Г. Қылышбаева (Әлиман)Театрдың камералық оркестрі құрылды. Оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі дирижері болып Талғат Әбдірайымов, инспекторы болып Марат Ізбасов бекітілді. Құрамына Ақмола музыкалық училищесінің түлектері қабылданды. 1996А. Жұмашев «Ән домбыра, сән домбыра» концерттік бағдарлама. Қоюшы режиссері – Ж. Омарұлы, суретшісі –Д. Доспаев1997М. Әуезов «Қанды азу» («Көксерек» повесінің желісімен). Инсценировкасын жазған Байғали Есенәлиев. Қоюшы режиссері – Болат Ұзақов. Суретшісі – Мұрат Мақсұтұлы. М. Байжиев «Құдалар» Қоюшы режиссері – Қ. Қасымов. Суретшісі – Д. Доспаев. 1998А. Сейдімбеков «Қош бол, ардағым» Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов. Суретшісі – Д. Доспаев.Қ.Жетпісбаев «Қалыңдық пен күйеу» Қоюшы режиссері – Б.Ұзақов. Суретшісі – Д. Доспаев.1999Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» Қоюшы режиссері – Ә. Мәмбетов. Суретшісі – Д. Доспаев.М. Әуезов «Қара Қыпшақ Қобыланды» Қоюшы режиссері – Б.Ұзақов. Суретшісі – Д. Доспаев.2000Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу». Қоюшы режиссері – Ә.Мәмбетов. Суретшісі – Д. Доспаев.М. Әуезов «Қарагөз» Қоюшы режиссері – Ә. Мәмбетов. Суретшісі – Д. Доспаев.Т. Ахтанов «Жоғалған дос» Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов, суретшісі – Д. Доспаев.Ф.Эрве «Түлкі бикеш» Қоюшы режиссері – Ә. Мәмбетов. Суретшісі – Д. Доспаев.Б. Ұзақов «Үміт» Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов. Суретшісі – Д. Доспаев.С. Тұрғынбекұлы «Мұқағали» Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов. Қоюшы суретшісі – М. Икласова.2001В. Дельмар «Баянсыз бақ» Қоюшы режиссері – Ә. Мәмбетов. Суретшісі – Д. Доспаев.Ф. Буляков «Күйеуге шыққан кемпірлер» Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов. Суретшісі – Д. Доспаев.Ә. Сарай «Баулан Шолақ» Қоюшы режиссері – Н. Жұманиязов. Суретшісі – Д. Доспаев. Ж. Мольер «Скапеннің айласы» Қоюшы режиссері – Н. Жұманиязов. Суретшісі – Д. Доспаев.2002Ж. Файзи «Башмағым» Қоюшы режиссері – Р. Машурова. Суретшісі – Д. Доспаев.Д. Исабеков «Алтын тордағы тоты» Қоюшы режиссері – Н. Жұманиязов. Суретшісі – Д. Доспаев.Т. Әбдіков «Біз үшеу едік» Қоюшы режиссері – Б. Ұзақов. Суретшісі – Д. Доспаев.Қ. Байсейітов, Қ.Шаңғытбаев «Беу, қыздар-ай» Қоюшы режиссері – Ә. Мәмбетов. Суретшісі – Д. Доспаев.2003Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» Қоюшы режиссері – Ә. Мәмбетов. Суретшісі – Д. Доспаев.Ж. Тәшенов, И. Саввин «Әй, Нұртаза, Нұртаза!..» Қоюшы режиссері - С. Срайылов. Суретшімі – М. Икласова.С. Тұрғынбекұлы «Мұқағали» Режиссері – Б. Ұзақов.2004М. Әуезов «Еңлік - Кебек» Режиссері – Б. Ұзақов. Суретшісі – Д. Доспаев.М. Хасенов «Пай-пай, жас жұбайлар-ай!..» Режиссері - Н. Жұманиязов. Суретшісі – Д. Доспаев.І. Жансүгіров, С. Назарбекұлы, Б. Әлдібеков «Махамбет»