Бәкір Яхиянұлы Баяхунов (15 қыркүйек 1933, Алматы – 9 қазан 2026) — кеңестік және қазақстандық сазгер, Қазақстанның халық әртісі (1990).
Алматы консерваториясын (профессор Құддыс Қожамияровтың класы бойынша) бітірген (қазіргі Қазақ ұлттық кон-серваториясы, 1960). 1960–1963 жылдары Мәскеу консерваториясында муз. білімін шыңдады. 1963 жылдан Алматы консерваториясында (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (1991 жылдан проф.) дәріс береді. Қазақстан Композиторлар одағы төрағасының орынбасары. Баяхунов қазақ халық музыкасын өңдеуде ("Күй" симфониясы, 1965; "Қамбар батыр", 1972; "Ысқырма" 1973 ж) елеулі еңбек етті. Сонымен қатар бірнеше кинофильмдерге музыка жазған. Баяхунов қазақ домбыра музыкасының полифониясы туралы мақалалар, дүнген халық әндері туралы зерттеулер жазды.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:1933 жылы туғандар Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақ КСР-інің халық әртістері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Мәскеу консерваториясы түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары