Әйкен Мұсабекова (24 қаңтар 1919, Қарағанды, Қазақ АКСР - 7 маусым, 1992, Алматы) - актриса, әнші, Қазақстанның халық әртісі (1985). Қазақ КСР халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың әйелі. Драма спектакльдерде көптеген рөльдерді орындаумен көрермендер ілтипатына бөленді.

Өмірбаяны

1936 - 1937 ж. Мәскеу консерваториясының қазақ опера студиясында оқыды.

1937 -1955 ж. Қарағанды облысы қазақ драма театрының кұрамында қызмет етті.

1956 жылдан бастап М. Әуезов атыындағы Қазақ академиялық драма театрының құрамында актриса болды.

Театрдағы рөлі

Алғашқы ойнаған рөлі - М.Әуезовтің "Түнгі сарын" драмасындағы Маржан. Алғашында музыкалық спектакльдерге қатысып, Қыз Жібек, Ақжүніс (Е.Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі" мен "Ер Тарғында") Айман (М.Әуезовтің "Айман - Шолпанында") т.б. рөлдерде ойнады. Еңлік, Текті (Әуезовтің "Еңлік -Кебегі" мен "Қарагөзінде") Баян, Мәрзия (Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көриеш - Баян сұлуында" және "Ақан сері- Ақтоқтысында") Зәуре (Б.Майлиннің "Майданында") Әйгерім (Әуезов иеи Л.С. Соболевтің "Абайында") Сымбат (Ә.Әбішевтін "Армандастарында") Айбарша (Ә.Тәжібаевтың "Майрасы") Айша (Т.Ахтановтың "Сәулесінде") Тана (Қ,Сатыбалдиннің "Қабаған итінде") Шәрбану (З.Шашкиннің "Акын жүрегінде") Жиһан (Ж.Файзидің "Башмағында") Эмилия (У.Шекспирдін "Оте.длосында")бар.

Марапаттары мен атақтары

Қазақ КСР еңбек сіңірген әртісі; 1958 жылдан киноға түскен. "Құрмет белгісі" орденімен, медальдармен марапатталған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар