Итқырылғансор – Жаман Ақкөл сорының солтүстігінде 12 км жердегі сор.
Географиялық орны Қостанай облысы Жангелді ауданы жерінде орналасқан. Торғай және Ұлы Жыланшық өзендерінің аңғарында орналасқан.
Гидрографикасы, сипаты Сор доға тәрізденіп ендік бағытта 8 км-ге созылып жатыр, енді жері 2,5 км. Теңіз деңгейінен 110 м шамасында. Батысында Қарасай аңғарымен, шығысында Қазымбай Қарасу сайы, солтүстігінде Ащытастысор сорымен шектеседі. Оңтүстігі тегіс тақырлы келген.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Сорлар Санат:Жангелді ауданы көлдері