Иірсу – Қарқара өзенінің сол саласы.

Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерімен ағады.

Бастауы Бастауын Күнгей Алатауының шығыс бөлігіндегі Тоқымбұлақ тауынан алып, Бөлексай ауылы тұсында Қарқара өзеніне құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 38 км. Су жиналатын алабы 262 км2. Арнасы тар, ағысы өте қатты. Желтоқсан айында суы қатып, наурызда ериді. Егіс, мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Райымбек ауданы өзендері Санат:Іле су алабы