Ақылбек Алтынбекұлы Садырбаев - 1971 жылы 19 мамырда Жамбыл қаласында туған. Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын бітірген (1993), мамандығы - «Экономика». 1986-1989, 1991-1993 жылдары - Жамбыл гидроме- лиорация-құрылыс институтының студенті. 1989-1991 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1993 жыл- дан - Жамбыл қалалық қаржы бөліміндегі болжам және экономикалық талдау бөлімінің 1-ші дәрежелі экономисі. 1994 жылдың қаңтар айынан - Жамбыл облысы бойын- ша Мемлекеттік қаржы бақылауы басқармасында құрылыс ұйымдарын тексеру бөлімінің тексеруші-бақылаушысы. 1998 жылдың қыркүйек айынан - Жамбыл аумақтық мем- лекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің тексеруші- бақылаушысы. 2000 жылдың маусым айынан - «Көмек» ЖШС директорының орынбасары (Тараз қ.). 2004 жылдан бөрі - «Сенім» корпорациясы» ЖШС дирек- торы (Тараз қ.). Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасының грамотасымен марапатталған. Үйленген. 3 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер