Қаражар — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы ауыл, Қаражар ауылдық округінің орталығы. 1997 жылға дейін Тельман ауданының құрамында болған.

Географиялық орны Ауылдың солтүстік-батысында Нұра өзені ағады. Қызылқайың, Жаңаөзен ауылдық округтерімен, сонымен катар Саран қаласымен шекаралас. Саран қаласынан кашықтығы - 30 км, Шахтинск қаласынан 30 км, Қарағанды қаласынан - 33 км. Аудан орталығы – Ботақара кентінің оңтүстік-батысында 83 км-дей жерде орналасқан. Новодолинский—Шақан—Доскей асфальтталған автомобиль жолдарымен қатынасады.

Тарихы Бұрынғы Қаражар кеңшары 1956 жылы Қарлаг учаскелері негізінде құрылды (Қарлаг). 1997 жылы кеңшар жабылды. Шаруашылығы кекөніс, сүт өндіру саласына бағытталған. Жерінің жалпы ауданы 39,6 мың га (2006). Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыттары — егін шаруашылығы және мал шаруашылығы, диірмен, наубайхана, ірімшік кайнату цехы, дүкендер бар (2006).

Инфрақұрылымы Округ елді мекендерінде (Қаражар, Асын, Волковский, Геологический ауылдары) 2 орта мектеп, ОДА, кітапхана, пошта, АТС бар.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1094 1067 834 78,2 531 411 77,4 536 423 78,9

Дереккөздер

Санат:Бұқар жырау ауданы елді мекендері