Ерлан Хасенұлы Текешов (2.06.1964 жыл,Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылы) - Тарбағатай ауданының әкімі (05.2011-05.2013). Қазақ.

Білімі В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының «Гидрогеология және инженерлік геология» факультетін (1993) тау-кен инженері-гидрогеолог мамандығы бойынша; С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заң факультетін (2003) заңгер мамандығы бойынша; Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін (2008) қаржыгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1982 жылдан - ШҚО Тарбағатай аудандық «Ауыл шаруашылығы химиясы» өндірістік бірлестігінің түрлі саладағы жұмысшысы. 1983 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1985 жылдан - ШҚО Тарбағатай аудандық атқару комитеті аппаратының сантехнигі (Ақжар ауылы). 1986 жылдан - Шығыс Қазақстан шахмат-дойбы клубының Ақжар ауылдық бөлімшесінің нұсқаушысы. 1988 жылдан - ШҚО Глубокое ауданының Ертіс бойы геологиялық барлау далалық экспедициясының техник-геологы. 1991 жылдан- ШҚО Глубокое ауданының Ертіс бойы геологиялық барлау далалық экспедициясының гөохимиялық отрядының 1-ші санатты геологы. 1992 жылдан - ШҚО Глубокое ауданының Белоусовка геологиялық-өнеркәсіптік кәсіпорнының геологы. 1993 жылдан - Ақжар геологиялық барлау кәсіпорынының геологы, Алтынкен геологиялық барлау кәсіпорынының геологы (Ақжар ауылы, ШҚО). 1996 жылдан – ШҚО Сауда және қызмет көрсету департаментінің штаттан тыс инспекторы. 1999 жылдың тамызынан - Өскемен, Лениногор қалаларындағы тауарларды нарықта тарату құқығы үшін алымды ұйымдастыру жөніндегі бөлімше директоры. 1999 жылдың қазанынан - ШҚО Сауда және қызмет көрсету департаментінің «Дәулет» КМК директоры. 2002 жылдан - ШҚО әкімі аппаратының «Дәулет» КМК директорының орынбасары. 2007 жылдан - ШҚО әкімі аппаратының «Істерді басқару» КМҚК бас директорының м.а., бас директоры. 2008 жылдың қарашасынан - Өскемен қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі инвестициялар және әлеуметтік сала секторының бас маманы м.а., бас маманы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімінің бастығы. 2009 жылдың сәуірінен - Өскемен қаласы құрылыс бөлімінің бастығы. 2009 жылдың қазанынан - ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың тамызынан бері - Шығыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы (08.2010-05.2011).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2 Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі (05.2011-05.2013); Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (05.2013-2015)Текешов Ерлан Хасенович (online.zakon.kz) 2015 жылғы наурыз айынан - "ШҚ РЭК" АҚ Абай аймағы бойынша директоры. 2015 жылғы қазан айынан - "ШҚ РЭК" АҚ басқармасы төрағасының даму жөніндегі орынбасары. 2016 жылғы 1 қыркүйектен - "Шығыснерготрейд" ЖШС бас директоры.Текешов Ерлан Хасенович (shygys.kz)

Дереккөздер

Санат:2 маусымда туғандар Санат:Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті түлектері Санат:Шығыс Қазақстан мемлекеттік түлектері Санат:Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Тарбағатай ауданының әкімдері