Дүйсенғазы Мағауияұлы Мусин (15 шілде 1957 жыл, Семей облысы, Жарма ауданы, Ильинка ауылы) - қоғам қайраткері. Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты (2017 жылдан бері).
Өмірбаяны
Еңбек Қызыл Ту Орденді Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1974) агроном мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық заң университетін (2004) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1979 жылдан - В. И. Ленин атындағы ұжымшардың тұқым өсіруші-агрономы, бас агрономы (Семей облысы, Жарма ауданы, Игоревка ауылы).
1985-1988 жылдары - ШҚО Жарма ауданы ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты (1992-1998; 1998-2001).
1993 жылдан - Қазақстан Ленин комсомолы атындағы асыл тұқымды кеңшар директоры (Абай облысы Жарма ауданы Жарық ауылы).
1996 жылдан - «Қалбатау» асыл тұқым зауыты» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы (ШҚО Жарма ауданы Жарық ауылы).
2001 жылдан - ШҚО Жарма ауданының әкімі.
2009 жылдың сәуірінен бері - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының әкімі.
2014 жылдың желтоқсанынан бері - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2017 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты
Әскери атағы - запастағы полковник.
Марапаттары
«Құрмет» (2007) ордені Ауғанстан және ҚР шектеулі соғыстар ардагерлері одағының «Ерекше сіңірген еңбегі үшін» «Тыңға 50 жыл» (2005) «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған Мәдениет қайраткері Шар қаласының құрметті азаматы (2002) Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (1999) Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері (2004).
Отбасы
Әкесі - Мусин Мағауия. Анасы - Мусина Сақып.
Үйленген. Жұбайы - Мусина Бақытгүл Мұстафақызы (1959 жылы туған), зейнеткер, «Жасар» ҰШ кәсіпкері.
Ұлы - Мусин Ренат (1983 жылы туған); қызы - Мусина Жанна (1987 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:15 шілдеде туғандар Санат:Жарма ауданында туғандар Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Қазақстан селекционерлері Санат:Аманат партиясының мүшелері Санат:Жарма ауданының әкімдері Санат:Көкпекті ауданының әкімдері Санат:Құрмет орденінің иегерлері Санат:Тыңға 50 жыл медалінің иегерлері Санат:Ауғанстан және Қазақстан шектеулі соғыстар ардагерлері одағының Ерекше сіңірген еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан шектеулі соғыстар ардагерлері одағының Ерекше сіңірген еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Санат:Шар қаласының құрметті азаматтары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Санат:Қазақстанның құрметті спорт қайраткерлері Санат:Қазақстан полковниктері