Иіселді – Ұлытау тауының оңтүстік-шығысындағы оқшауланған тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Ұлытау ауылының оңтүстік-шығысында 7 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 854 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 3 км.
Геологиялық құрылымы Тау жыныстары жоғары протерозой мен төменгі палеозойдың шөгінділерінен түзілген.
Жер бедері Беткейі көлбеу, пішіні доғал тәрізді. Баурайында бірнеше бұлақтардан бастау алған құрғақ арналар бар. Маңында өзімен аттас және Саламатсай, Аққора қыстаулары орналасқан.
Өсімдігі Тауалдының бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, бетеге, бұталар, тағы басқа өседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы таулары