Шахтёр — Қарағанды облысы Нұра ауданындағы ауыл, Шахтёр ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Нұра өзенінің сол жағалауында, Нұра кентінен солтүстік-батысқа қарай 25 км-дей жерде.
Тарихы Іргесін Донбас шахтерлері 1954 жылы қалаған. Шаруашылықтың мамандандырылған негізгі бағыты бидай өңдеу мен етті мал шаруашылығы болды. Жерінің жалпы көлемі — 40,7 мың га. Кеңшар негізінде 8 шаруа қожалығы құрылған.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1389 1211 983 81,2 592 492 83,1 619 491 79,3
Инфрақұрылымы Ауылда клуб, мектеп, кітапхана, амбулатория, фельдшер-акушерлік пункт, мәдени орталықтар жұмыс істейді. Басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқьлы байланысады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы елді мекендері