Шоқай бөгені — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданындағы Баймырза ауылының солтүстігінде 0,5 км жерде. Бұрынғы Тельман ауданының 500 га ауыл шаруашылық жерлерін суландыру үшін 1971 жылы Шоқай өзенінде салынған.
Гидрологиялық сипаты Суының толық көлемі — 5 млн м³. Қалыпты жағдайдағы су айдынының ауданы – 1,2 км², ұзындығы 3,6 км, еңдірек жері 600 м, ен терең жері 14,8 м. Суында алабұға, меңке, торта тіршілік етеді.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қарағанды облысы гидрографиясы