Александр Моисеевич Чжен - 1956 жылы 15 маусымда Көкшетау облысының Келлеровка аулында туған. корей. Қарағанды политехникалық институтының инженерлік-құрылыс факультетін бітірген (1978), инженер-құрылысшы.
1973 жылдан - Қарағанды политехникалық институтының студенті. 1978 жылдан - «Қарағандытұрғынүйқұрылыс» тресінің ҮСК конвейерлік учаскесінің шебері. 1980 жылдан - Көкшетау үй құрылысы комбинатының шебері, жұмыстар атқарушысы. 1981 жылдан - «Көкшетауұжымшарқұрылыс» тресі ӨТБ бастығы, ЖМК-85 бас инженері. 1985 жылдан - «Көкшетауарнайысуқұбырықұрылыс» тресінің «Жөндеуқұрылыстехника» ӨБ ҚЖМК-69 бастығы. 1989 жылдан - Көкшетау облаткомының КҚБ бастығы. 1992 жылдың ақпанынан - «Қазақстан-Солтүстік» бірлестігі бас директорының жалпы мәселелері жөніндегі орынбасары. 1992 жылдың сәуірінен - «Агва» ЖШС бас директоры. 2004 жылдың наурызынан - СҚО Айыртау ауданының әкімі. 2004 жылдың қыркүйегінен - «СҚО әкімінің экономикалық даму департаменті» МБ бастығының орынбасары. 2005 жылдан - «СҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ББ бастығы. 2008 жылдың қазанынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. «Ерен еңбегі үшін» (2006), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Ұлдары - Чжен Игорь (1979 жылы туған), Чжен Владимир (1982 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2
Дереккөздер