Бәкен Мышанов (1927, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) - шопан, еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1966).
Еңбек жолы 1957 - 1989 жылдары Қаракеңгір ұжымшарында аға шопан болды. 1965 жылы отарындағы 593 саулықтың әр жүзінен 116-дан қозы алып, әр қойдан 3,6 кг жүн тапсырды, өз отары есебінен шаруашылыққа жыл ішінде 11 мың сом таза пайда келтірген. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Марапаттары Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1966)
Тағы қараңыз Социалистік еңбек ерлері
Дереккөздер
Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Шопандар