Қызылжал – Сарысу алабындағы өзен.

Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады.

Бастауы Жайықтау, Есілбай, Ақтөбе таулары беткейіндегі бұлақтар суының қосылуынан түзіліп, Аманжол және Шортанбай қыстауларының оңтүстігіне таяу құмға сіңіп кетеді.

Гидрологиясы Ұзындығы 72 км. 7 саласы бар. Жағасы жоғарғы ағысында тік жарлы, орта және төменгі ағысында жайдақ, ирелең. Көктемгі еріген қар және жер асты суымен қоректенеді. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында жекелеген қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабында жайылымдық жерлер, қыстаулар (Күйгеншілік, Шортанбай, Аманжол және т. б.) бар. Өзен суы ауыз суға, мал суаруға пайдаланылады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы