ЖАМБЫРШИН Әлім Шәкірұлы (19.7.1943 ж.т., Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қ.) – тех. ғыл. докт. (1983), проф. (1984). Қазақ мемл. а. ш. ин-тын (1967, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Алматы пед. шет тілдер ин-тын (1988, қазіргі Қазақ халықар. қатынастар және әлем тілдері ун-ті) бітірген. Қазақ а. ш-н механикаландыру және электрлендіру ғыл.-зерт. ин-тында жұмыс істеген. Канададағы КСРО елшісінің кеңесшісі (1988–92), Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі (1992–94) болды. 1994 жылдан «Минкоры Сентрал Эйша Лтд» қазақ-америка бірлескен компаниясының президенті. Қазір «Балэкс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы. Мех., асыл металдарды байыту саласы бойынша бірнеше ғыл. еңбегі жарияланған. Ленин комсомолы сыйл. лауреаты (1975).Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер