Елемес Ергебеков (1906, Тартоғай ауылы, Перов уезі, Сырдария облысы, Ресей империясы — 8 сәуір 1975, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік шаруашылық, мемлекеттік және саяси қайраткер.
Өмірбаяны 1906 жылы Тартоғай ауылында туған. БК(б)П / КОКП мүшесіҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5 . 1927—1931 жылдары Орталық Азия мемлекеттік университетіндегі жұмысшы факультетінің тыңдаушысы болды.
1931—1932 жылдары Орталық Азия мемлекеттік университетінде оқыды (бітірмеді).
1932—1933 жылдары Тәжікстан К(б)П Жырғатал аудандық комитетінің 1-хатшысы болып жұмыс істеді.
1933—1934 жылдары «Шыршыққұрылыс» Өзбекстан К(б)П комитеті хатшысының орынбасары болып еңбек етті.
1933—1934 жылдары «Шыршыққұрылыс» құрылысшылары кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1934—1935 жылдары Шығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыды.
1935—1936 жылдары Қазақ АКСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік жоспарлау комиссиясының экономисті болып істеді.
1936—1938 жылдары Партия белсенділерін жаппай сырттай оқыту институтының директоры, Қазақстан К(б)П Алматы облыстық комитеті мектептер бөлімінің меңгерушісі болып еңбектенді.
1938—1940 жылдары Қазақстан К(б)П Шығыс Қазақстан – Семей облыстық комитетінің 2-хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1940—1942 жылдары Қазақстан К(б)П Оңтүстік Қазақстан облыстық комитетінің 2-хатшысы болып күн көрді.
1942 жылдан бастап — 1944 жылдың наурызына дейін Қарағанды облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді.
1944 жылдың наурызынан — 1949 жылға дейін Көкшетау облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып еңбек етті.
1949—1950 жылдары БК(б)П ОК жанындағы біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушысы болды.
1950—1953 жылдары Қостанай кеңшарлар тресінің директоры қызметін атқарды.
1953 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (сырттай) бітірді.
1953—1954 жылдары «Қарағандышахтқұрылысмонтаж» тресі басқарушысының орынбасары болып істеді.
1954—1960 жылдары Қарағанды облысында Қазақстан КП Қарқаралы аудандық комитеттің 1-хатшысы болып еңбектенді.
1960—1964 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік жоспарлау комитеті бөлімінің басшысы лауазымында мехнат қылды.
1964 жылы зейнетке шықты.
1965—1969 жылдары Алматы облысындағы Түрген қой кеңшарының директорыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Марапаттары «Қызыл Жұлдыз» ордені — Қарағанды бассейнінде көмір кенішін салу жөніндегі Үкімет тапсырмасын сәтті орындағаны үшін (8.4.1944) «Ленин» ордені «Еңбек Қызыл Туы» ордені «Құрмет Белгісі» ордені Сілтеме Елемес Ергебеков. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Дереккөздер
Санат:Сырдария облысында (Ресей империясы) туғандар Санат:Көкшетау облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақстан КП аудандық комитеттерінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Кеңсай зиратында жерленгендер