Батпақкөл — Қарағанды облысы Осакаров ауданында, Молодёжный кентінің шығысында 30 км жерде, теңіз денгейінен 467,2 м биіктікте орналасқан көл.

Гидрографикасы Ауданы 7 км2, ұзындығы 3,6 км, ендірек бөлігі 2,5 км, жағалауының ұзындығы 9,4 км су жинайтын алабы 84 км2. Жағалауы жайпақ, көлдін бетін құрақ пен жалпақ жапырақты қоға басқан. Көл, қырат аралық ойпаңда солтүстік-батыстан, оңтүстік-шығысқа қарай созыла орналасқан. Түбі тегіс, лайсаң. Көлдің орта тұсында 2 арал бар (ауданы 1,5 және 3 га). Негізінен қар және жер асты суы есебінен толығады. Ең терең жері 2,2 м, суының жоғарғы деңгейі сәуірде, төменгісі қазанда байқалады. [Су деңгейі 0,7 м-ге дейін ауытқып отырады. Қарашада қатып, сәуірде мұзы түседі. Суы ащылау, кермекті, мал суару үшін жарамды.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Осакаров ауданы көлдері