Бекзат Қазиұлы Сарманов (26 қаңтар, 1963 жыл, РКФСР Омбы қаласында туған) - Қазақстанның Құрметті құрылысшысы (2007), Грек-рим күресінен Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004).

Өмірбаяны Әкесі - Сарманов Қази. Анасы - Сарманова Зәбира. Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының жалпы құрылыс факультетін бітірген, мамандығы - «Өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы». 1999 жылдан - «Элитқұрылыс» ЖШС бас директоры. 2007 жылдан бері - «Элитқұрылысгрупп» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы.

Қоғамдық қызметі

Қазақстан Күрес ассоциациясының президенті (2005-2008; 2010 жылдан бері). Күрес федерациясының Құрметті президенті (2010 жылдан бері). ҚР Күрес федерациясы атқару комитетінің мүшесі (2010 жылдан бері). «FILA» Сенаторлық клубының мүшесі (2007). Қазақстан Қала құрылысы одағының Құрметті мүшесі (2007).

Спорттағы қызметі

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Георгий Цурцумианы дайындауға қатысқан. Грек-рим күресінен Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2004).

Марапаттары Қазақстанның Құрметті құрылысшысы. (2007). «FILA» алтын ордені (2003); Астана қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2002).

Отбасы Үйленген. Жұбайы - Сарманова Нұрсұлу Қалиханқызы (1962 жылы туған). Ұлдары - Абай (1992 жылы туған), Әнуар (1993 жылы туған).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:26 қаңтарда туғандар Санат:1963 жылы туғандар Санат:Омбыда туғандар Санат:Қазақ Бас сәулет-құрылыс академиясы түлектері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақстан грек-рим күресінен жаттықтырушылар Санат:Қазақстанның құрметті құрылысшылары Санат:Қазақстан құрылысшылары Санат:FILA алтын орденінің иегерлері