Ынталы — Қарағанды облысы Қарқаралы ауданындағы ауыл, Ынталы ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Қарқаралы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км-дей жерде. Ауылдың солтүстік-шығысымен Нұра өзені, батысы мен оңтүстік-батысынан Ақбастау өзені ағып өтеді.

Тарихы Іргесі 1950 жылы қаланған. 1965 жылы ұйымдасқан «Ынталы» кеңшарының орталығы болды. Шаруашылығының мамандандырылған негізгі бағыты — қой өсіру, астық өндіру. Жерінің жалпы ауданы 143,5 мың га. Ауыл шаруашылық түлігі: ірі қара мал, жылқы, қой.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1106 801 564 70,4 412 298 72,3 389 266 68,4

Округтің елді мекеңдерінде (Ынталы, Жартас, Дубовка ауылдары) клуб, мектеп, ОДА, кітапхана, АТС, пошта, телехабар тарату орталығы бар.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы елді мекендері